Digital ustaz almaty конкурсының 10 суперфиналисті анықталды

Digital Ustaz Almaty конкурсының екі кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген 2647 қатысушының ішінен Қазақстанның 30 үздік digital-мұғалімі алты күн бойы цифрлық дәуірде тиімді оқыту туралы жаңа әрі пайдалы білім алды.

Ұстаздар тау етегінде орналасқан «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» демалыс орталығында тұрды. Бұл оқыту процессін барынша қолайлы етуге және жайлы орта ұйымдастыруға ықпал етті.

Лагерь спикерлері Қазақстан өңірлері мен жақын шетелден келген беделді мамандар мен жаттықтырушылар болды. Байқау қатысушылары аралас оқытуды тиімді ұйымдастыруды, сандық ортадағы педагогикалық дизайнды, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынас орнатуды, оқу процесінде әртүрлі компьютерлік бағдарламалар мен мобильді қосымшаларды қолдануды және тағы басқа пайдалы дағдыларды үйренді.

Әрбір сабақ тәжірибелік бөліммен және командада оқытудың аралық нәтижелерін бірлесіп талқылаумен нығайтылды, бұл спикер беретін білімді тыңдап, түсінуге ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Оған қоса, топтық жұмыс пен әлеуметтену мүмкіндіктерінің арқасында мұғалімдер әріптестерімен жақынырақ танысып, болашақта пайдалы болатын берік кәсіби байланыстар орнатты.

Лагерьден оралғаннан кейін ұстаздар үйренген оқыту тәсілдерін өздерінің жұмыс процесіне енгізеді, сондай-ақ өз әріптестеріне жеке үлгі көрсететін болады, бұл біртіндеп бүкіл мектепте білім беруді тиімді жаңғыртуға алып келеді.

Байқаудың он суперфиналисті дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Марапаттар келесі ұстаздарға берілді:  Ерлан Керімбай, Сұңқар Асқаров, Гүлмира Естепбергенова, Бұлсайран Базарқызы, Сағынғали Қалиев, Айдана Айдарова, Балжан Тоқтамысова, Жанар Досымбекова, Нұрбек Серікұлы, Ерлан Нұғман.

Алматының үздік digital-мұғалімі Лондонның білім беру ұйымдарының біріне тағылымдамадан өтуге жіберіледі, сол жерде ол конкурс процесінде алған білімін іс жүзінде қолдана алады.

Сондай – ақ, Digital Ustaz Almaty қатысушылары 7-8 желтоқсанда өтетін EdCrunch-2021 кәсіби халықаралық конференцияның жұмысына қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, негізгі мақсаты оқыту барысында цифрлық технологиялардың қолданылуын танымал ету және цифрлық педагогиканың табысты әдістемелерін игеру болып табылатын жаңа DigitalUstazAlmaty конкурсы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен 2021 жылғы 25 тамызда іске қосылды.

Конкурс 3 кезеңде өтті, олардың әрқайсысының барысында білім беру саласындағы жетекші халықаралық спикер-көшбасшылардың вебинарлары мен шеберлік-сыныптары өткізілді.

Байқау жеңімпаздары үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал бірінші орын иегері Лондонға білім беру тағылымдамасына барады. Байқаудың финалы 2021 жылғы 6 желтоқсанда өтеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған және  Алматы қаласының әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры, EdCrunchAcademy заманауи білім беру институты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Бас серіктесі – «Алматы кітап баспасы» баспасы болса, ресми серіктесі – «Халық» қайырымдылық қоры.